Тұрғын алаптағы жолдар жөнделуде

Screenshot_6.jpg

Шымкентте карантинге қарамастан құрылыс жұмыстары қызу үстінде. Әрине барлық компания мен жұмысшылар санитарлық талаптарды сақтап, ережеге бағына отырып жұмыс істеуде. Қазіргі таңда үшінші мегаполистегі тұрғын алабтардағы жолдар жөнделіп, пайдалануға берілуде.

Айталық таяуда мамандар Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Ш.Мустафаев көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. «Нұрлы Жол-7» ЖШС-гі жүргізген құрылыс жұмыстары өз уақытында ел игілігіне тапсырылып отыр.

Ұзындығы 0,620 метр ал, ені 6 метрді құрайтын жол енді тұрғындардың иелігінде.

Сондай-ақ Енбекші ауданы, Каратөбе тұрғын алабындағы Тойшы ата көшесі де орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Ұзындығы 1,7 шақырым шығытын көшенің құрылысымен «ДостықСпецТранс» ЖШС-гі айналысты.

Енбекші ауданынлағы №86 автобус жүретін жолда толығымен жөнделіп, теп-тегіс жол салынды. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метрді құрайды.

Ал Абай ауданы, Ынтымак шағынауданындағы Зеленая, «Отан Мұнай» жанар май құю бекетінен кейінгі атауы жоқ көшеге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын жолдың жөнделгеніне тұрғындар дән риза. Себебі тұрғындар бұған дейін жол азабын тартып келіп еді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер