Спорт – сенің серігің!

image.png

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport - көңіл ашу дегенді білдіреді екен. Ағылшын тіліне бұл сөз 1300 жылдары еніпті, кейін басқа тілдерге таралып, 19ғ. соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастапты.

Оның басқа мағынасы ұтысу, аулау, ойын, көңіл ашу, шынығу деген мағыналарды береді. Рогеттің анықтамасы бойынша, зат есім күйіндегі спорт сөзі "босау мен көңіл ашу үшін жасалатын әрекет" дегенді білдіреді екен.

Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.

Қазақ  халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан  мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.

Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып  өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: «Қазақ күресі», тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді.

Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады. 

Біздің орталығымыза да спорт үйірмелері жетерлік, орталығымыздың спорт үйірме жетекшілерімен түрлі спорт ойындары өткізіледі. Олардың ішінде футбол, үстел үсті ойындары,  волейбол, үстел үсті теннисі, шарики-марики тағы басқа ойындардан үйірмелер бар.  

Орталығымызда тағы да спорттық жарыстар болып тұрады, «Балдәурен» рекордтары атты сайыс болып өтеді. Ол ойында Балдәуреннің демалушылары жарысып түрлі спорттық ойындарға қатысады және марапаттарға ие болады. Орталықта жаңадан ашылған ойын түрі «Sport lovers» атты бекет ойыны да болып өтеді.  «Sport lovers» бекет бойынша ойыны барысында балалар өздерінің спорт жайлы білгендерін ортаға салып, білімдерін толықтырды. Бұл ойынның мақсаты: балаларды шыдамдылық пен шапшаңдыққа, ауызбіршілікке, командалық жұмыстарға үйрету. Салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген махаббаттарын оятты. «Намыс дода» атты СМ ашылу салтанаты  және жабылу салтанаты да болады. Салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды спортқа баулу. Ауысым барысында  жалғасын тауып, жүйріктеріміз анықталады. 

 «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру 

орталығы филиалы

Тәрбие кешенінің

ұйымдастырушы – ұстазы 

Ерназарова Айнұр Шүкірқызы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер