Аудан әкімі қоғамдық тыңдау өткізді

Screenshot_5.jpg

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен әйелдер кеңесі, билер мен әжелер алқасы және ауыл ақсақалдарымен кездесіп, қоғамдық тыңдау өткізді. 

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Бәйдібек ауданы бойынша атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен және құрылысы басталатын бірқатар нысандарды, алдағы уақытта атқарылатын эскиздік жобалармен таныстырды. Таныстырылымда Шаян ауылында құрылысы жүргізілетін дарынды балалар мектебі, орталық стадион, ҰОС ардагерлеріне арналған монументтің орналасатын жерлері, ауыз су жүйесі, елді мекендерді көгалдандыру, саябақтар, спорт алаңшалар салу және тағы да басқа нысандар бар.   

Арнайы слайдпен қазіргі жағдайы мен алдағы уақытта жасалынатын жобаларды көріп шыққан жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылаудан өткізді. Қорытындысымен айтылған ұсыныс пікірлер ескеріліп, ортақ шешімге келіп, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлының ұсынған жобаларына қолдау білдірді. 

Жиында ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері өздерімен тыңдау өткізіп, айтылған пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, назарға алып отырған аудан басшысы Ержігіт Шәріпбековке алғыстарын білдірді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер