Жол картасының орындалуы бақылауда

Screenshot_15.jpg

“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, Бәйдібек аудандық мәслихат депутаты  Жанар Бауыржанқызының іс сапары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бойынша  дамудың жеті басымдылығының ішіндегі “Экономикалық тұрақты аудан” бағытының кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылған ауқымды жобаларымен  танысуға жалғасты. 

Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында  “Nur Otan” партиясы жыл сайын “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасымен аудан аумағындағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі аз несиемен қамтамасыз етуге және бизнесін жаңадан бастаушы 80 азаматқа грант ұсынуға; Еңбек” мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматқа, ауыл округтеріндегі жастарға кәсіп ашу үшін стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға ықпал етеді. 

Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің субьектілерінің үлесі 96,5%-ға жеткізіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер