Бәйдібек ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен М.Әуезов жалпы орта мектебінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Бәйдібек ауданының бас имамы Е.Полатов, Бәйдібек ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Қабыл және Бәйдібек АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Жұман, Е.Бижановтар қатысты.
Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни ағымдардың қоғамға қаупі, оларды дәстүрлі дін өкілдерінен ажырату жолдары, жастардың керағар діни ағымдарға түсіп кетуінің себептері туралы сөз қозғалды. Теріс діни ағымдардың кесірі нақты айтылып, оқушыларды одан сақтануға шақырды.
Сонымен қатар оқушылар тарапынан білім ордаларында хиджаб кию мәселесі, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, имамдардың қызметі және басқа да діни-рухани сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға әр сала тұрғысынан толыққанды жауап берілді.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқушылар да көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Алдағы уақытта да осындай кездесулер ұйымдастырылып тұратын болады.