Үлгілі отбасыға құрмет көрсетілді

Screenshot_16.jpg

Бүгінде отбасы институты өте өзекті болып тұр. Себебі қазіргі таңда некенің бұзылуы, екі жастың шаңырақ көтерген соң көп ұзамай айрылысып кетіп жатуы үйренші жайтқа айналып келеді. Өз кезегінде ажырасу деген көп проблеманы тудырады. Қоғамда толық емес отбасылар көбейіп, осындай отбасыда өскен бала өмірден өз орнын тезірек таба алмай қиналып жатады. Осындай проблеманы болдырмас үшін өскелең ұрпаққа үлгілі отбасыларды насихаттау керек.

Осы орайда Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауыл округіне қарасты Ағыбет ауылының үлгілі жанұясы Әуез Асыранбетов пен Гүлжан Маймышованың үйіне «Отбасы күніне» орай жастар ісі жөніндегі инспектор Нұрила Ақбердиева барып қайтты.

Әуез ағай мәдениет саласының үздік қызметкері. Гүлжан апай мектепте үлгілі ұстаз және қолөнер шебері және де мұражай жетекшісі болып қызмет жасайды.

5 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырған «күміс алқа» иегері. Үлкен қыздары Қорашева Айым мен Гүліп ЖемПи-дің грант иегерлері. Қазіргі таңда магистратурада оқып, Алматыда ұстаздық қызметін атқаруда. Биылғы жылы ұлы Қораш Нұрмұхаммед Казгу-дің гранд иегері.

Асыранбетов Әуез ағай мен Маймышова Гүлжан апай өз салаларында өз ісінің шеберлері. Көптеген алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталған.Ауылымыздың үлгілі отбасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер