Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа кезекті Жолдауы бойынша Қазығұрт ауданы активінің мәжілісі өткізілді.
Еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалған Жолдау елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктеп отыр.Сондай-ақ Жолдау - ел дамуын айқындайтын ұзақмерзімді стратегиялық жоспар.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жолдауда көрсетілген жеті басты бағыттар мен аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады.Сонымен қатар, алдағы уақытта ауданның көрсеткіштерін еселеп, Жолдауда айқындалған бағыттарды іске асыру міндеттерін сапалы жүзеге асыру үшін жұмыстарды бірлесе атқаруға және құжаттың мән-маңызын жергілікті тұрғындарға кеңінен түсіндіруге шақырды.
Алқалы жиында Қызылқия ауыл округі дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Махамбетова Элеонора Сайдуллақызы және Өзбек мәдени орталығы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Сабитов Жавлон Бахадұрұлы жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Активке қатысушылар Президент Жолдауының мән-маңызы ерекше екенін айтып, бұл Жолдаудың халыққа берері зор екенін мәлімдеді.