Қазығұрттың агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор

Screenshot_3.jpg

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналу керек" деп айтқан болатын. Жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орын алатын Қазақстан елінің ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы болуға мүмкіндігі өте жоғары. Көсіліп жатқан дұрыс игере білсе одан түсетін өнім көп болмақ. Ал әлем халқы сапалы, табиғи өнімдерге сусап отыр. Қазақстан алыс-жақын шетелдерді еш химиялық қоспасыз жеміс-жидек, көкөністермен қамти алады. Осы мақсатта елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында көптеген игі істер атқарылуда.

Бүгін Түркістан облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Тұрғанбек, аудан әкімі Абдуллаев Арман күзгі егін жинау жұмыстары мен ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстарды саралады. Жалпы Қазығұрт ауданы аграрлы аудан болғандықтан агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша нәтижелі шараларды жүзеге асыруға мүдделі. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары С. Нұрмановқа, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қалдыкөзовке және ауыл округі әкімдеріне бекітілген межелерге  жетпегені ескертілді. Сонымен қатар,  9 айдың қорытындысымен  көрсеткіштерді орындау тапсырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер