Қазығұртта нәтижелі жұмыспен қамтудың жемісін көріп жатқандар көп

Screenshot_4.jpg

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауылдарға іс-сапармен шығып халықтың әл-ауқатын қандай екенін өз көзімен бақылауда. Кезекті іс-сапары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған азаматтардың кәсібін аралаудан басталды. 

Қақпақ ауыл округінде орналасқан Рахматулла Айсұлудың тігін шеберханасын көріп оң бағасын берді. Содан соң Қалдымұрат Әділеттің жолға қойған балмұздақ өндірісін көрді. Кезекте Қызылқия ауыл округінде орналасқан Ағабаек Қуаныш пен Қуандық Нұрсұлтанның бағдарлама аясында ұтып алған грант қаржысына алған уақ мал шаруашылығына жоғары бағасын беріп кәсібін одан әрі дамыту керек екенін атап өтті. Осы ауыл тұрғыны Маханбетова Жадыраның кондитер өнімдеріне де оң бағасын берді. 

Аудан басшысының жұмыс сапары Қазығұрт ауыл округінде жалғасы Кенжебаев көшесінде өз ауласынан жылыжай кәсібін ашқан Джанабаева Угилойдың ашқан кәсібімен танысты. Содан соң Улимбетова Гульназдың кондитер өнімдерімен және Юрин Иванның құс шаруашылығымен танысып ашқан кәсіптерін ары қарай дамыту керек екенін айтты. Сонымен қатар Сарапхана ауыл округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы газ құбырын тарту құрлысыменде танысты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер