Балалар мен жасөспірімдерге туған жер тарихы насихатталды

Screenshot_10.jpg

Әрбір өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ өзінің туған жерінің тарихынын білгені абзал. Тарихын білмеген ұрпақ елінің болашағына алаңдамайды. Патриоттық сезімнен жұрдай ұрпақ ел келешегіне ешқандай пайдасы тимейді. Сондықтан да баланы жастайынан тәрбиелеп, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре берген жөн. Кішкентайында кіндік қаны тамған туған жері, ұлан-ғайыр даласы туралы ақпаратқа қанып өскен ұрпақтан батырлар, руханият өкілдері өсіп шығары белгілі. 

Осы орайда Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Жаңабазар   ауылдық  мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында киелі орындарды насихаттау,  тарихи және мәдениет ескерткіштерді, киелі жерлерді танымал ету, сақтау, қалпына келтіру,  Қазақстанның мәдени-географиялық киелі жерлерінің  насихаттау мақсатында «Туған жерім- киелі мекенім» тақырыбында  «Ақбура»  кесенесіне саяхат жасалынды. Саяхатқа жасөспірімдер, балалар шықты. Олар саяхат барысында тасын түртсе тарихтан сыр шертетін туған жерлерінің қадірін түсініп, зор әсер алды.

Алдағы уақытта мұндай рухани маңызы зор іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер