Түркиямен рухани сабақтастық: Yerli Düşünce журналы толық санын Түркістанға арнады

Түркияның танымал  «Йерлі Дүшүндже»( Yerli Düşünce) журналы толық санын Түркістан қаласына арнады. Басылым  «Яссауи жолының сыры, Түркі әлемінің жүрегі – Түркістан » атымен жарық көрді. «Қожа Ахмет Яссауидің түркі халықтарының мәдени, рухани өміріндегі орны бір төбе. Ол – Анадолы жерінде ислам өркениетінің кеңінен таралып, қанат жаюына ықпал еткен тұлға. Сондықтан ұлы ғұламаның өмір жолы мен ғылыми еңбектері Түркияда ерекше әспеттеледі. 

 «Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны бөлек. Ол бүкіл Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген қабырғалы тұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Түркістан тарихы – күллі қазақтың тарихы», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көне шаһардың алар орнының айрықша екендігін атап көрсеткен-ді.

Жалпы 128 беттен тұратын журналға Түркия президентінің Бас кеңесшісі  Ялчын Топчының, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымыныңы Бас  хатшысы  Дүйсен  Қасейіновтың, ҚР Түркиядағы елшісі  Абзал Сапарбекұлының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың және  түркиялық белгілі ғалымдардың мақалалары  мен сұхбаттары топтастырылған.

Түркі  әлемінің  зиялылары Түркістан қаласының өткені мен бүгіні және болашағы жайында сыр шерткен. Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің  зерттеушісі Фатма Сөнмез Түркиядан арнайы киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерін аралап көлемді мақала  жазған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер