
Бүгін ел ордасы – Астана қаласында “Ауыл” партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны ұйымдастырылды. Жиынның күн тәртібінде ел дамуы үшін айрықша маңызы бар Конституциялық реформаның жобасы кеңінен талқыланды.
Партия төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Егізбаев Серік Рахметоллаұлы комиссияның атқарған жұмыстарына енгізіліп жатқан өзгерістерге жан-жақты тоқталып, ұсынылып отырған реформалардың мәні мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, “Ауыл” партиясының Конституциялық реформаны толық қолдайтынын атап өтті.
Кеңейтілген жиынға республиканың барлық маңызы бар қалалары мен өңірлерінен партия филиалдарының белсенді өкілдері қатысты.
Өңіріміздің атынан филиал аппаратының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы баяндама жасап, өңірдегі партияластардың Конституциялық реформаны бір ауыздан қолдайтынын жеткізді.
Бұл реформалар – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
“Ауыл” партиясы әрдайым ел мүддесі үшін жасалатын бастамаларды қолдайды!
