«Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты

image.png

“Ауыл” партиясы Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы Түркия Республикасының Измир қаласында өтіп жатқан ауылшаруашылығы техникаларының халықаралық көрмесіне қатысуда.

Сапар барысында заманауи ауылшаруашылығы техникалары мен жаңа технологиялармен танысып, олардың еліміздің агроөнеркәсіп саласына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Ауыл еңбеккерлерінің жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға бағытталған озық техникаларды Қазақстанға әкелу мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізілуде.

Мұндай тәжірибе алмасулар отандық ауылшаруашылығын дамытуға, ауыл экономикасын нығайтуға және шаруаларға нақты қолдау көрсетуге жол ашады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер