Кәсіпкерлер көбеюде

 image.png

Биылғы жылы Сайрам ауданында «JiaHond Biological Technology Co. Ltd» ЖШС-Өсімдік майын шығаратын зауыт – 40, «Жібек Жолы ЛТД» ЖШС «Жүнді бастапқы өңдеу» цехы – 12, ал «АЙКАН» ЖШС «Сарысуды өңдеп, құрғақ сүт пен сарысу ұнтағын шығаратын» зауыты тағы 70 жұмыс орнын ұсынып, өндіріс өрісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Одан бөлек, туризм саласында “Ontustik thermal resort” ЖШС-нің “Оңалту, сауықтыру орталығы” жобасы іске асады, құны 500,0 млн теңге, жылына 3000 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.

Аудан көлемінде жаңадан 100 га қарқынды бау егу («DALA FRUCT.kz» ЖШС, «Food production LTD» ЖШС), «Нұрым Групп» ЖШС-гі мал бордақылау алаңының қуаттылығын 15 мың басқа жеткізіп, 11 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін («Ecoinvest S.A» ЖШС) іске қосып, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 82,0 млрд теңгеге жеткізу көзделуде.

Жалпы өткен жыл Сайрам ауданының кəсіпкерлік саласы үшін де жемісті жыл болды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 450,0 млн теңге көлемінде 10 жобаға, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 13 жобаға 1,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілген.

Әлеуметтік салада «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 510 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оның 260-ы шағын несие алып, өз ісін ашты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер