Түркістан облысында «Бизнеске арналған үкімет» іске қосылды

120.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бизнес субъектілері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызмет түрлерін орталықтандырылған түрде көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды. Облыс басшылығының үйлестірумен қолданысқа енгізілген бұл сервис өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына оң серпін береді. Бұл сервисті пайдалану арқылы әрбір кәсіпкер өз бизнесін дамыту, құзыреттер мен қаржыландыруды арттыру мәселелері бойынша кең ауқымды қызметтер мен консультациялар алады. Кәсіпке байланысты түрлі қиындықтар туындаған жағдайда кәсіп иелері қайда жүгіну керектігін анық білетін болады.

«Бизнеске арналған Үкімет» сервисі қаржыландыру, өткізу, мемлекеттік қызметтер, құқықтық сүйемелдеу және құзыреттер сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді.

«Қаржыландыру» аймағында кәсіпкерлерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржылық ұйымының қызметтері мен кеңестерін алып, екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметтерін пайдалануға жағдай жасау жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер