Түркістан облысында бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы жүзеге асуда

бадрахов.jpeg

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында үш негізгі бағытты дамытуға басымдылық беріліп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты.

Түркістан облысынның әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қолға алынған үш бағыттың алғашқысы жаңбырлатып суару технология екенін айтқан басқарма басшысы қалған екі бағытты түсіндіріп берді.

– Екінші бағыт – бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Ағымдағы жылы осы бағыт бойынша 128 ауыл округінде 5 мың гектардан аса жерді құрайтын 1 928 жоба іске асырылып, 141 мың тонна өнім өндірілді. Қазіргі таңда 1999 агроқұрылым екінші өнім егіп, агротехникалық шараларды атқаруда. Үшінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуға, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша 182 жоба іске асырылды, – деді ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер