Жылыту маусымына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

6.jpg

Түркістан облысында жылыту маусымының жақындауына байланысты насихаттау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Өйткені қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық зіл залалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, облыс тұрғындары жеке үйлердегі жылыту қазандықтары мен пештерді пайдалану кезінде салғырттыққа жиі жол береді.

– 2019-2020 жылғы жылыту маусымында облыс аумағында газдан улану окиғаларының алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылғанымен өкінішке орай 6 улы газбен улану оқиғасы тіркелген. Салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның 5-і қаза көз жұмған. Үстіміздегі жылдың 4 айында 4 жағдай орын алып, 7 адам зардап шексе, оның 3-еуі қайтыс болған. Міне осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, – деді Асанғали Мадиханұлы.

Бүгінге дейін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен еріктілерді тарта отырып 26 мың 167 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерді аралау барысында тұрғындардың өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтамай түрлі жылыту құралдарын пайдаланып отырғаны анықталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер