Түркістан облысы Жетісай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 65 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген. Бұл бағытқа бюждеттен 662 млн 999,1 мың теңге қаралған. Осы арқылы 182 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауымен 124 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бүгінде 65 жобаның құрылыс жұмыстары басталса, оның 25-сі аяқталып, жоспар 61,2 пайызға орындалып отыр. Пайдалануға берілген 25 жобаның 22-сі әлеуметтік, мәдениет және білім салаларына қатысты нысандарға жатады. Онда ғимараттардың ішкі санитарлық жүйелері жөнделіп, унитаздар ауыстырылған және 2 мың 431 шақырым жерге аяқ жол төселген.
Қалған үш нысан инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға жатады. Яғни, кентішілік және ауылішілік жолдар қайта жөндеуден өткізілді.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан мердігерлер карантин рижиміне байланысты тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз еткен.