Түркістан облысына коронавируспен күрес шараларына 8,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық

12.jpg

Аптаның демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткіп жатыр. Жәрмеңкеде 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағада қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылуда. 

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақовтың айтуынша, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидектер, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна әсел, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері өз тұтынушыларын күтуде.

Негізгі өнімдер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында сиыр етінің нарықтағы орташа бағасы бір келісіне 2000-2100 теңгені құраса, жәрмеңкеде бір келісі 1700-1800 теңге болды. Қарбыз, қауынның бір келісі 130-200 теңге болса, жәрмеңкеде бір келісі 75-100 теңге, көкөніс өнімдерінің орташа бағасы бір келісіне 150-200 теңге болса, жәрмеңкеде бір келісі100-150 теңге аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына сатылады.

Атап өтейік, елімізде наурыз айынан бері өтіп жатқан карантин режиміне қарамастан Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында даму қарқыны тұрақты түрде жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі 235,5 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңмен 23,8 млрд. теңгеге артты. Республикада жалпы өнімнің 14 пайызы Түркістан облысына тиеселі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер