Сарыағаш ауданында жаңа жатақхана пайдалануға берілді

18.jpg

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Арыстанбаб» жоғары колледжінде студенттерге арналған 100 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Білім алушыларға арналған жайлы ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып қатысып, жиылған жұртты құттықтап, қуанышысымен бөлісті.

2019 жылы заманауи үлгіде бой көтерген жаңа нысан барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екі қабатты нысанның әрбір бөлмесі төрт адамға арналған. Бөлмелердің іші жиһазбен жабдықталып, жуынатын бөлме салынған.

Ғимараттың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтты.

– Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізулеріне мүмкіндік береді. Шалғай ауылдардан келіп білім алатын студенттер үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Оқу ордасының студенттері білімді және белді маман болатынына сенемін, – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған колледжде жастар гуманитарлық және медициналық 12 мамандық бойынша білім алуда. Болашақта маман болатын 1141 студентке 70 оқытушы дәріс беруде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер