Түлкібас ауданында бірнеше спорт нысаны жөнделді

19.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында бірқатар спорттық нысандар жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан құрылған шынығу залының құрылғылары да жаңарды. Сонымен қатар, мұндағы кіші футбол алаңшасы да күрделі жөндеуден өткізіліп бұқаралық спорттың дамуына қолайлы жағдай жасалып отыр. Алаңшаға жарықшамдар орнатылып, газон мен қоршаулары толығымен жаңаланды. Айта кетейік, бұл шаруалар аудан әкімі Нұрлан Байғұттың ықпалымен жүзеге асып отыр.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының бұқаралық спорттың деңгейін 30 пайызға жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар қатары 30,8 пайызға жеткен.

Жалпы ауданда 335 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның екеуі 1500 орынға шақталған стадион, төртеуі спорттық кешен, біреуі атшабар манежі, сегізі мылтық ату тирі, қалғаны жүзу бассейін мен ипподром және спорт алаңшалары.

Ауданда 4 спорт мектебі, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында салынған «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі жұмыс істейді. Қазіргі таңда, осы мекемелерде 3631 оқушы спорттың 17 түрінен шұғылданып келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер