Түркістан облысының түрғыны мемлекеттік қолдаумен шұлық цехын ашты

22.jpg

Кентау қаласының тұрғыны Әлішер Ерметұлы Қарнақ ауылынан "QARNAQ TEXTILE" деп аталатын цехты іске қосты. Бүгінде кәсіпорын әртүрлі жыл мезгіліне арналған шұлықтың 20 жуық түрін жасап дайындап, сатылымға шығаруда. Жақында ғана жұмысын бастаған цех әзірге күніне 200 дана шұлық шығарумен айналысуда.

Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 4 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға Қытай елінен соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда, дайын өнімді Кентау, Түркістан базарларына шығаруда.

Кәсіпкер нарықта тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Сондай-ақ, өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізілетінін жасырмады. Алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп, қажетті заттардың барлығын өздері дайындап шығаруды жоспарлап отыр.

Одан бөлек, цех басшысы жылыжай шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Кәсіпкер негізінен қияр мен қызанақ егумен айналысады. Көктем айларында 20 тоннаға жуық қияр өндірген шаруа, күз мезгілінде де осы шамада қызынақ өнімін алуды жоспарлап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер