Созақта малға жарық шағылыстыратын алқа тағылады

23.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданында бұдан былай әр ірі қара малға жарық шағылыстыратын мойындық тағылатын болады. Өйткені күн бата көлік иелері жол бойында жайылып жүрген төрт түлікті әрең көріп, жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Ал, тағылған жарық алқаның арқасында жүргізушілер мал басын 400 метр жерден байқай алады. Апаттың алдын алуға бағытталған әрекет «Малжан Аман» акциясы аясында ұйымдастырып отыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ұйымдастырған шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілік жасап, өтеусіз негізде 15 мыңға жуық жарық шағылыстырғыш таспаларды беріп отыр. Осыған орай жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиналыс өтті. Жиында сөз алған Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың айтуынша, аймақта мал саны артып келеді. Алайда түнгі уақытта жолға малдың шығып кетуінен оқыс оқиғалар да жиі орын алуда дейді ол.
Шараны халық арасында насихаттау жұмыстары ауылшаруашылық бөлімі, ветеринария мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырылған. Тұрғындар да өз тараптарынан қауіпсіздік шарасына мүдделі екендерін танытты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер