Жыл сайын 150 мың тонна ет өндіреді

24.jpg

Түркістан облысында өңір басшылығының шағын және орта кәсіпті қолдау мақсатында ұйымдастырған жеңілдіктерін тиімді пайдаланып, кәсібін жолға қойған азаматтар қатары көбейіп келеді. Соның бірі Шардара ауданының тұрғыны Рамазан Сайнанов. Оның шаруа қожалығы жылына 150 мың тоннаға жуық ет өндіреді.

Аудан орталығында орналасқан Рамазан басқаратын «Ақарыс» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын құрылған. Қазіргі таңда аталған қожалықта 80 бас ірі қара бар. Ұжым мал бордақылап, ет өндіру бағытында жұмыс істейді. Қожалықтың іс жүргізушісі Рамазан Талғатұлының айтуынша, отбасылық кәсіпте төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Мұнда орташа жалақы 70 мың теңгеден кем емес. Ал, олар өндірген өнім – ет ауданның ішкі нарығы мен Түркістан облысындағы өзге аудандарына да жөнелтіледі.
Шаруа қожалықта өзінің жеке мал сою орны мен жем-шөп дайындайтын арнайы цехы бар. Рамазан Талғатұлы алдағы уақытта қожалықтың аумағын үлкейтіп, мал басын арттыруды көздеп отыр. Өйткені, ет өніміне сұраныстың артып отырғандығын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер