Кәсіпкері мектеп сап берген Сайрамда баспана мұқтаждарға беріледі

26.jpg

Сайрамда мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл білім ордасында 5 спорт залы, теннис корты, футбол алаңы, әртүрлі бағыттағы үйірмелерге арналған бөлмелер, бассейн орналасқан. 74 замануи үлгідегі интерактивті тақта, қажетті құрал-жабдықтарымен жабдықталған биология, химия және физика кабинеттері бар. Білім ұясын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов аралап көрді.
1200 оқушыға арналған мектепте 2400 бала екі ауысыммен оқи алады.
Қазір бұл мектепте карантин талаптарын сақтай отырып, 1-3 сынып оқушылары білім алуда. Бір сыныпта 15 баладан отыратын кабинеттерде америкалық үлгімен қойылған парталар тұр. Яғни, бір партада тек бір бала отырады. Айта кетерлігі, заманауи білім ордасында оқу ақысы тегін, тек қосымша үйірмелер ғана ақылы.
Мектепті салған инвестор бұған дейін де 7 балабақша мен 2 мектепті өз қаражатына салған.

26-1.jpg

Сонымен қатар, Ақсу ауылында 2 қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл тұрғын жай үй кезегіне тіркелген жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 17 азаматқа тапсырылады. Аталған нысанды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 68 млн теңге қаржы қаралған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Сайрам ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер