Көп балалы ана мемлекеттің көмегімен кәсіпкер атанды

29.jpg

Түркістан облысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түлкібас ауданында үй іргелік жерінде тамшылатып суғару әдісінің жемісін көріп отырған тұрғындар көп. Қазіргі уақыттың өзінде ауданда 31 тұрғын үй іргелік жеріне тамшылатып суғару әдісін енгізген. Соның бірі – көп балалы ана Жыланды елді мекенінің тұрғыны Гулбахира Айтбаева.

Гулбахира Абдуллақызы «Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «тамшылатып суғару әдісі» және мал шаруашылығын дамыту бағытында 555 мың 600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, шағын ауласында жұмысын бастаған. Алғашында көп балалы аналарға қолдау берілетінін естіген ол тез арада құжаттарын жинап, өтінім берген. Оның сөзінше несиені алғалы отбасының жағдайы едәуір түзеліп қалған. Алынған қаржының 200 мың теңгесіне «тамшылатып суғару құрылғысын», ал қалған қаржыға сауынды сиыр сатып алған. Бүгінгі таңда тамшылатып суғару құрылғысын үй іргелік 10 сотық жеріне орналастырып, ол жерге қырық қабат, қызанақ, картоп, қияр, балгар бұрышын егіп, алған өнімімнен қысқа дайындауда. Ал, сауын сиырдан шығатын сүтті аудандық «Майлыкент-Сүт» ЖШС өткізіп, пайда тауып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер