Жүзімнен жылына 150 млн. теңге табыс табады

Түркістан облысында Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауыл округінде орналасқан «Ер-Те Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 33 гектар аумаққа жүзімнің тоғыз сортын еккен. Атап айтқанда, Ливия, Аркадия, Кодрянка, Велес және Сәулелі кишмиш, Анюта, Байқоңыр, Женеев, Преображение сынды түрлері егілген. 

Серіктестік иесі Сұлтан Жолдасбаевтың айтуынша, биыл жүзімнің әр гектарынан жиырма тонна өнім жиналған. Сатылу бағасы – 300-400 теңге аралығында. Шығындарды есептегенде серіктестік жылына орта есеппен 150 млн теңге таза табыс тауып отыр. Осыдан сегіз жыл бұрын бой көтерген жүзім бағы төрт жылда өз шығынан ақтаған. Маусымдық кезде жиырма адам жұмыспен қамтылады. Өнім негізінен Қазақстан аумағына жөнелтілуде. Серіктестік өнімге сұраныс артқан жағдайда жүзім аумағын ұлғайтуды көздеп отыр.

Жалпы Жетісай ауданы бойынша 1183 гектар аумаққа жеміс жидек және жүзім дақылдары егілген. Оның ішінде қарқынды бау 255 гектарды құрайды. Қарқынды бауларда жүзім мен алманың итальяндық, белорустық, украиндық сорттары егілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер