Жыл сайын 7 мыңнан астам аяқ киім тігеді

36.jpg

Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан "Арай" өндірістік кооперативінің аяқ киім тігу цехы жұмыс істеп келе жатқанына жиырма бес жылға таяды. Осыдан екі жыл бұрын аталған цех толық қайта жаңғыртылған. Онда таза табиғи былғарыдан ерлер және балалар аяқ-киімдері тігіледі. Шикізатты Түркия елінен алып отыр.
Өндіріс меңгерушісі Баян Тобылованың айтуынша, күніне 20-30 жұп аяқ-киім дайындалады. Құны өнім түріне қарай 13000-19000 теңге аралығында. Цехта он адам жұмыс істейді. Тұтынушылар негізінен Арыс қаласының тұрғындары болып келеді. Отандық өнімнің сапасы жоғары, сондықтан сұраныс көп екен.
Өндіріс орны 2018 жылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,8 млн.теңге, ал өткен жылы «Қамқор» бағдарламасының аясында жылдық мөшері бір пайызбен бес млн теңге несие алған және «Менің атамекенім» жобасы арқылы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына қаржы берілген.
Кооператив иесінің айтуынша, алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін көбейтіп, оларды Қазақстанның өзге өңірлеріне жөнелту жоспарда бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер