Ордабасы ауданында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

42.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген екі мың үш жүз гектардан астам жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды. Бұл шаруалар өңір басшысының талабы және тапсырмасымен екі жыл жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асырылып отыр.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырды. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделді. Ал, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жалпы көлемі 131,4  гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған. Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылып, жер учаскелерін екі жыл қатарынан игермеген жағдайда, сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер