Түркістандағы құрылысқа қажетті бетондарды шағаратын зауыт табысы миллиардқа жетті

46.jpg

Түркістан облысында Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде өткен жылы іске қосылған бетон зауытының табыс көлемі миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«ФахриСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастапқыда 150 текше метр бетон бұйымдарын шығаруға қауқарлы болған. Ал, қазіргі таңда бұл кәсіпорын тәулігіне 600-700 текше метрге дейін бетон өнімдерін өндіріп келеді. Мамандар шығарылған өнім көлемінің бірнеше есеге артып кетуін Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен байланыстырады. Яғни, аталған мекеме облыс орталығындағы құрылыс алаңдарына дайын өнім жеткізіп, сұраныстың 60 пайызын қамтып отыр.
Серіктестікте 75 азамат жұмыс істеп келеді. Жұмысшылардың басым көпшілігі Түркістан, Кентау қалаларының тұрғындары.
Одан бөлек, аталған мекеме газоблок шығаруды да қолға алуда. Бұл зауыттың құрылысы қазан айында толығымен аяқталып іске қосылатын болады. Сондай-ақ, серіктестік басшылығы келесі жылы асфальт зауытын салуды да жоспарлап қойған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер