Түркістан облысында кәсіпкерлік кедергілерді азайту талқыланды

4.jpg

Түркістан қаласында екінші деңгейлі банктердің толық форматты филиалдарының немесе өкілдіктерінің болмауына байланысты кәсіпкерлікті қаржыландыруға қолжетімділік едәуір қиын. Бұл туралы «Қуаныш» ЖШС басшысы Инара Намазбаева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың онлайн қатысуымен өткен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында айтты. Жиында өңір бизнесмендері кәсіпкерліктің бұдан өзге де ең өзекті мәселелерін көтерді. 

– Ағымдағы жылдың мамыр айында өңірлік кәсіпкерлермен өткен алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша сұрақтар пакеті Премьер-министр деңгейінде көтерілді. Нәтижесінде 84 жүйелік мәселенің 41-і шешілді, қалғандары мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және ЖАО-мен бірлесіп шешу сатысында. Бизнеспен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыратын боламыз, деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы.

Онлайн кездесуде бірнеше ауқымды мәселелер айтылды. Онлайн байланыс арқылы өткізілген жиынға төралқа төрағасына өңіріміздің экономикалық жағдайы туралы Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов баяндады. Кездесуде "Қазақ мақта қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Полат Юсупов екінші деңгейлі банктердегі қаражатқа қол жеткізу мәселесін қозғады. Оның айтуынша, ҚР Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақшаны пайдалануға белгіленген 120 млн теңге мөлшеріндегі лимиті шитті мақтаны дайындау кезеңінде шаруаларға мүлде жеткіліксіз екенін айтты. Өңірлік кеңестің мүшесі, «Байкенже» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Байкенжеев жылыжайларда қолданылатын энергияға тарифтің қымбаттығын жеткізді. Шығындарды азайту үшін жылыжайларды мемлекеттік қолдаудың шұғыл қажеттілігі, сонымен қатар өнімділікті арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігін баяндады.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан шыққан тауарлардың демпингтік және ресми емес айналымы мәселесін «Алтын Адам Тігін Фабрикасы» ЖШС-нің басшысы Балжан Халмуратова көтерді. Ол екі елдің нарықтарында тең бәсекелестікті жүргізу үшін өнімді кедендік рәсімдеу кезінде Өзбекстан тауарларына өзара келісім орнату қажеттігін атап өтті. Бұл шара отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсетпек.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер тарапынан айтылған мәселелер төралқа төрағасы мен басқарма төрағасының бақылауында болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер