Кентауда жалғыз басты ана мал бордақылаумен айналысады

7.jpg

Кентау қаласы Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны Қаһарова Ұғылпатша бес жылдан бері жылқы бағып, бордақылаумен айналысып келеді. Шаруа ана ең алдымен өз қаржысына 6 жылқы алып кәсібін бастаған. Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында бүгінде жеті қазынаның бірі болып саналатын жылқы малының санын 40-қа дейін көбейткен. Қазіргі таңда бір жылқыдан 250-340 кг аралығына дейін ет алады.

Негізінен кәсіпкер жылқыны Қостанай облысынан алдыртады. Ет бағытындағы асыл тұқымды жылқылар болғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Сол себепті шаруа күніне жылқыны күтіп баптауға 7-8 сағатын арнайды.

Ұғылтпаш ананың балалары да отбасылық кәсіптен алшақ емес. Аналарына қолғабыс болып, ата кәсіптің қыр-сырын меңгеріп жүрген жайы бар. Тіпті, Ұғылтпаша ананың үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, әр жануардың денсаулығына айрықша күтім жасаудың үлгісін қолдануда.

Жылқы малына сұраныс өте көп дейді еңбекқор ана. Бордақыланған жылқы етін жергілікті тұрғындар алып келеді. Жалғыз басты ананың алдына қойған мақсаты көп.  Оның бірі қораларын ұлғайтып, жылқы санын жүзге жеткізу болса, енді бірі қымыз өндіруді қолға алу болып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер