Түркістан облысында өзгенің 30 дана қарбызын ұрлаған қызылордалық ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ер  адамның айтуынша, оның егістік алқабында өсіп тұрған  30 дана қарбызын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

image.png

Белгілі болғандай қызылордалық күдікті өзінің көлігімен қауын, қарбыз артуға келе жатып, жол бойындағы қараусыз жатқан қарбыздарды көріп, ұрлық жасайды. Яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындап, жан-жағына қарап, ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, өзінің автокөлігін егістік алқапқа кіргізіп, 30 дана қарбызды автокөлігіне салып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Сұрастыру жұмыстары кезінде  куәгерлерден ақпараты алынып, сол арқылы  күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы «келу туралы міндеттемеде». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. 

Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер