Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Кешегі күні де тәртіп сақшылары аудан аумағында рейд жүргізді.
Басты мақсат - Қазақстан Республикасының ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген нұсқау талаптарды орындау және мал ұрлығын алдын алу.
Полиция қызметкерлері профилактикалық іс шара барысында жалпы 15 автокөлікті тоқтатып, тексерді. Нәтижесінде 3 автокөліктің жүргізушісі жануарларды ешбір құжатсыз тасымалдап жатқаны анықталды.
Аталған азаматтарға қатысты іс-құжаттар жинақталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406-бабымен (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) жауапкершілікке тарту үшін Сарыағаш аудандық ветринария бөліміне жолданды.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдауларға, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында ҚР ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарлама» бойынша жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі