Ордабасы АПБ көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен бірлесіп, Түркістан облысы ПД нұсқауына сәйкес «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шараның негізгі мақсаты - облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады.
Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 18 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жалпы аудан көлемінде 28 нысан тексеріліп, көші-қон заңнамасын бұзған 64 азамат анықталды. Оның 50- і шетел азаматтары болса, қалғаны ҚР азаматтары.
Мысалы, Ордабасы ауданына қарасты демалыс орнында заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 4 шетел азаматы анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, елден аластатылды. Ал жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша ескерту жасалды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі