Әлеуметтік желіде жол бойында көлігімен келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, сол арқылы жол қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы таралды. Күнделікті қызметпен қатар, әлеуметтік желіні де саралап, құқықбұзушылықтарды анықтауды атқарып жүрген Түркістан облысының тәртіп сақшылары бұл бейнежазбаны бірден назарға алды.
Оқиғаның Түркістан қаласында орын алғаны тексеру кезінде айқындалып, Түркістан ҚПБ-ның полицейлерімен жүргізушінің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Көп ұзамай бірнеше сағаттың ішінде Түркістан қаласының жас тұрғыны ұсталды. Оның «Тойота Камри» көлігімен қаланың орталық көшелерінің бірі Тәукехан даңғылында бағдаршамның қызыл түсіне мән берместен өтіп кеткені расталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.
Түркістандық тәртіп сақшылары құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-баптың 2 бөлігімен «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту» хаттама толтырды.
Сонымен қатар полицейлер жас жігітке заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақыттарда ешқандай құқықбұзушылыққа бармау қажеттілігін, барған жағдайда заң аясында шара көрілетінін ескертті.
Өз кезегінде Түркістанның полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, бағдаршамның түсіне тоқтап, мән беруге, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолдану арқылы ғана көлік басқаруға кеңес береді.
Полицейлер жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндірудің соңы жақсылыққа апармайтынын кезекті рет еске салады!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі