Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ауласынан сора тапты

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында облыс орталығында есірткі затына ұқсас өсімдіктердің егілгені жөнінде хабарлама алды. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары тексеруге шықты. Полицейлер тінту кезінде күдікті тұрғынның үйінің ауласынан 6 түп есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер "сора" болып шықты. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.

image.png

Полицейлер аталған есірткіні егіп, күтіп-баптаған ер адамды Түркістан ҚПБ-ға жеткізді. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің тыйым салынған және есірткі заты бар өсімдікті қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымын жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары аясында бірқатар қылмыстарды ашып, есірткі сатқан, еккен, сақтаған күдіктілерді құрықтауда. Сондықтан сізде, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер