Түркістандық тәртіп сақшылары телефон ұрысын ізін суытпай ұстады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығы асханаларының бірінде қызмет ететін әйел арызданды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, оның касса жанында тұрған «Самсунг Галакси А6» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 86 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. image.png

Ұрлық қылмысы бойынша хабарлама алысымен түркістандық полицейлер іздеуге кірісті. Оқиға орнын, ондағы бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ер адам екені анықталып, ақпарат көздері арқылы ол тұрғылықты мекен-жайынан ұсталды. 

Ұрлық жасаған ер адам Түркістан ҚПБ-ға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті асханаға су алуға кіріп, кассаның жанында қараусыз жатқан ұялы телефонды көріп, байқатпастан телефонды жымқырып кеткен. Ұрлаған затты сатып, ақшалы боламын дегенмен, түркістандық полицейлердің қырағылығының арқасында сол күні ұсталып, теріс ниеті іске аспай қалды. Одан айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». 

Өз кезегінде жәбірленуші әйел полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді. Жұмыстарына табыс тілей отырып, қиын да қауіпті қызметтеріне  абырой тіледі. Қашанда осылай ел қорғаны болып жүре беріңіздер деп рақметін айтты.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ұялы телефондар мен әмияндарды көзге көрінбейтін жерде сақтау керектігін ескертеді. 

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер