Қазығұрт АПБ-ға мемлекетке қарасты парктердің бірінің қызметкерінен хабар келіп түскен. Онда белгісіз азамат аңшылықпен айналысып, тау жоталарынан «Сібір тау елігін» атып алғанын туралы көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлері оқиға орнына толық құрамда шықты. Аз уақыттың ішінде қылмыс болған жерге тәртіп сақшылары жануарларға зардап келтірушіні оқиға орнынан ұстады. Полицейлері күдіктінің басқаруындағы «Nissan» маркалы автокөлігін тексеру барысында, көліктің жүк салатын бөлігінен бір дана «Сібір тау елігі» мен 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Кнелтірілген жалпы шығын көлемі 2 000 000 теңгеден астам. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай күдікті азамат екі досымен бірге табиғат аясына демалу мақсатында келген. Содан соң ол автокөлігіне мініп, таудың ішін аралап келмек болып кеткен. Осы сәтте тау жотасында жүрген «Сібір тау елігін» көріп, қызыққан. Осылайша оны атып алған.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары тағы да Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі