Түркістандық полицейлер 2 күнде 70-тен астам құқық бұзушылық жайтын анықтады

Түркістан қаласында орналасқан «Керуен сарай» мәдени-рухани орталығының аумағында қоғамдық тәртіпті және карантин талаптарын сақтау, заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 20-21 күндері аралығында Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен рейдтік іс-шара өткізілді.

image.png

Аталған рейдтік іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына қала аумағында карантиндік шараларды қатаң сақтауы мен белгіленбеген орындарда сауда-саттықпен айналыспаулары, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қатаң сақтап, мәдени орталықтарда орналасқан субұрқақтарға шолмылмаулары жөнінде ескертулер жасалынды.

Аталған ескертулерге қарамастан белгіленбеген орындарда саудамен айналысқандары үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша 33 азаматқа хаттама толтырылды. Ал карантиндік талаптарды сақтамағандары үшін ҚР ӘҚБтКнің 425-бабы бойынша 78 азаматқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдану үшін СЭББ-ға жолданды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлаушылық көріністе мас күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлімімен 12 азаматқа, мәдени орталықтар мен саябақтарға көрік беріп тұрған субұрқақтарға шомылғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 8 азаматқа және жасыл желектерді басып, бүлдіргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен 18 азаматқа хаттама толтырылды.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер