Отырар АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзі жұмыс жасайтын дүкеннің сөресінде тұрған «Нокиа» маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексеріп, ұялы телефонды жасырын ұрлаған күдіктіні байқады. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлерінің атқарған тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті зейнеткерді небары тәулік ішінде тұрғылықты үйінен ұстады. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай күдікті дүкенге азық-түлік алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреде тұрған ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша қолды еткен затын үйіне алып барып, пайдалану мақсатында жасырған.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді. Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі