Түркістан облысында полицейлер жоғалған 15 жасар қызды тапты

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданған. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен. Жетісай АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етті. 

image.png

Тәртіп сақшыларымен мектеп оқушысын табу мақсатында барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды. Полицейлер бір минут болсын уақыт кетірместен, қыздың аман-есен табылуына қажетті шараларды іске асырды. Қыздың суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берілді. Жасөспірімнің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. Қырағы полицейлердің күні-түні үзіліссіз, мұқият іздестіруі нәтижесінде қыз келесі күні Шымкент қаласынан табылды. Полицейлер жас қызды отбасына дін-аман қайтарды. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

image.png

Осылайша, жоғалған 15 жасар қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары, қыздың ата-анасына еш ескертпестен үйінен кетіп, Шымкент қаласындағы автовокзалдардың бірінде жұмыс іздеп жүргені белгілі болды. 

Қызымен қауышқан анасы полицейлерге өз алғысын білдірді: «Жоғалған қызымды тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!» - деді.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өздерінің жасөспірім балаларына қырағы болуды, олардың барар жерлері мен араласатын достарын жақын тануға шақырады. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда, шұғыл "102" телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер