Түркістан облысында карантин режиміне қарамастан жасырын тойды өткізетін тойханалар анықталуда. Мәселен Қазығұрт ауданында өзінде Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде орналасқан 2 тойханада той болып жатқанын анықтады. Оның бірінде «Құдалық той» болса, екіншісінде «Үйлену той» өткізілген. Екі тойдың бірінде 70-тен астам қонақ жиналса, ал бірінде 40-тан астам адам болған.
Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхана иесі мен екі тойдың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша» әкімшілік шара көру мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, Қазығұрт аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі