Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданып, өздерінің ұшты-күйлі жоғалған малдарын өзге біреулер «Газель» автокөлігіне тиеп жатқанын, осыған байланысты қылмыскерлерді құрықтауға көмек берулерін сұрайды. Ақпарат түсісімен полицейлер, оқиға орнына бірден жетеді. Жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды атқарады. Нәтижесінде күдікті екеудің жеке-басы анықталып, ұсталады. Олардың екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты.
Белгілі болғандай күдіктінің бірі Сарыағаш ауданына қарасты ауылда орналасқан зауыттағы жұмыс орнының жанында қараусыз жүрген жылқыларды көріп, арам ойы туындаған. Содан 3 бас жылқыны айдап әкетіп, қараусыз қораның біріне қамап қойып, сыбайласына хабарласқан. Содан екінші күдікті екеуі сөз байласып, ұрланған № жылқыларды сатып алушы адам тапқан. Бөтеннің жылқыларын 650 000 теңгеге бағалап сатып, оны тиеп жатқанда жылқыларын іздеп шыққан жәбірленушілерге ұсталып қалған.
Ал, жәбірленушінің бірі өзінің 400 000 теңгелік жылқысын, екіншісі 650 000 теңгелік 2 бас жылқысын таппай қалып, өздіктерінен іздеп жүріп, қылмыстың үстінен түскендерін жеткізген. Бұл деректерді полицейлер СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша тіркеді. Сарыағаш АПБ-да орын алған мал ұрлығы қылмысын соңына жеткізу бағытында қарқынды қызмет атқарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен Сарыағаш аудандық сотына жіберілді. Соттың үкімі жәбірленуші тараптың күдіктілерге кешірім беріп, олардың өз кінәсін толығымен мойындауын ескере отырып, күдікті екеудің, яғни 32 және 37 жастағы жігіттерді ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен кінәлі деп танып, екеуіне де 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Иә, қылмыстың өтеуі – жаза екені даусыз. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жеңіл жолмен пайда табуға дағдыланбауды қатаң ескертеді.
Сонымен қатар, азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмауға кеңе берелі. Мүмкіндігінше өзінің шаруашылық аулаларын нығайту, жарықтандыру және сенімді қоршаулар мен құлыптар орнату қажет. Үй жануарлары ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Осындай полицейлер тарапынан айтылған кеңестерді, заңдылықты ұстансаңыздар, мал ұрыларының жолына тосқауыл қоясыздар!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі