Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар 3 бірдей күдіктіні ұстады

Кентау  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, өзінің үйіне түнгі уақытта  белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, құрылыс жұмыстарына керекті құрал-саймандарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құрады. Оқиғаны кентаулық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарын бастады. 

image.png

Ұрлық орын алған жерге полиция қызметкерлері келіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде білікті полицейлер небары тәулік ішінде 3 бірдей күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған орта жастағы 3-еуді полиция бөліміне жеткізді. 

Белгілі болғандай күдікті 3 азамат жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстары өтіп жатқанын көріп, сырттай бақылап жүрген. Осылайша күдіктілер  оңтайлы сәтті күтіп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде  ұрланған құралдар толықтай заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

image.png

Өз кезегінде Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер