Түркістан полицейлері карантин ережелерінің қатаң сақталуын бақылауда

Коронавирус індетінің таралуын болдырмау мен алдын алу мақсатында Түркістан облысында мобильдік топтар құрылып, қызмет атқаруда. Мобильдік топ құрамында тәртіп сақшылары да бар. Осындай кезекті тексеріс кезінде Кентау қаласы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің  учаскелік полиция инспекторлары  ҚР Түркістан облысының Бас санитариялық-дәрігерінің қаулысына сәйкес, бекітілген  әкімшілік аумақтарға тексеріс жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған  6 дүкен,  2 сауда орталығы,  6 кафе мен  12 тойхана иелерін анықтады. 

image.png

Оларға  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу»   бойынша құжаттарды жинақтап, Кентау қалалық СЭББ-ға жолданды.

Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарды коронавирус індетіне байланысты шығарылған қаулы талаптарын сақтауға шақырады. Әлеуметтік арақашықтық пен бетперделік режимді ұстаныңыздар. Адамдар көп шоғырланған жерлерге бармаңыздар!!!

image.png

 ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер