Бүгінде алаяқтарға алданып, сан соғып қалып жатқан адамдар саны аз емес. Техника дамыған кезеңде, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндердің саны көбейген. Олар қарапайым ұялы телефонмен де өздерінің теріс әрекеттерін іске асыруда.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері әрбір тұрғынға ескертеді: Жұмысқа орналастырамын немесе мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды, әлеуметтік көмектерді алып беремін деп, сізге күмәнді ұсыныстар айтса, бірінші кезекте құр сөзге бірден сенім білдірмей ақпараттың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!
Онлайн арқылы несие алу, әлеуметтік желілердегі түрлі тауарларды және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда да мұқият болыңыз. Алдын ала төлем жасамаңыз!
Ең бастысы ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз! Осы айтылған кеңестерді есте сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармай, әрдайым ұстанғанда ғана Сіз, алаяқтардың өзіңізді алдауына жол бермейтін боласыз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі