Түркістан облысы аумағында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты жайтты анықтады. Яғни Кентау қаласы көшелерінің бірінде «ВАЗ» автокөлігі заңсыз қосымша дыбыс орнатып полицейлерге бағынбай құқықбұзушылық жасаған.
Алайда полиция қызметкерлері орта жастағы азаматтың бұл іс-әрекеттеріне бей-жай қарамай құқықбұзушыны тоқтатып, тексеріс жүргізді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары автокөліктің артқы жағынан 5 дана полиэтилен пакетіне салынған және 24 дана сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас затты тәркіледі. Осылайша алынған заттарға сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы 5 келі болатын «марихуана» екені белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі