Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған 3 бас сиырын тауып берді

Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, көмек сұрады. Ол азаматшаның айтуынша, ауылдың жанында орналасқан жайылымда жүрген 3 бас сиыры жоғалып кеткен. 

image.png

Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісті. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтардың барлығын шолып шықты. Сиырлардың жүруі мүмкін деген аймақтардың барлығын жіті бақылады. Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері тұрғынның жоғалған сиырларын Сауран ауданы Иқан ауылының шығыс беткейінен 60 шақырым жерде орналасқан жайылымда жайылып жүрген жерінен табады. Содан ірі-қара малдарды заңды иесіне қайтарып, алғыс алады. 

Полицейлердің тындырымды қызметтеріне риза болған малдың заңды иесі өз сөзінде: «Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 3 бас сиырымның жоғалғандығы туралы арызданған едім. Полиция қызметкерлері бірден тауып берді. Бәйдібектік тәртіп сақшыларына алғысымды айтамын!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді. 

Өз кезегінде облыс полицейлері қора-жайларды мықтап бекітіп, мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болуға шақырады. Үй жануарлары жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласыңыздар. Бұл малыңыздың ерте табылуына, қылмыс болса, ізін суытпай ашуға ықпал етпек.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер