Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткі қылмыстарының алдын алу мен болдырмау, есірткіге байланысты қылмыстарды дер кезінде ашу жұмыстары күнделікті атқарылып, арнайы рейдтер жиі ұйымдастырылуда.
Соның нәтижесінде 2021 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды. Яғни 138 қылмыс пен 124 теріс қылық.
Оның ішінде есірткі сату қылмысы -42, аса ірі көлемде есірткі затын сақтау- 12, есірткі контрабандасы -20, есірткі затын насихаттау және жарнамалау -2, есірткі өсімдігін егудің -60, улы заттардың заңсыз айналымы -2 дерек тіркелді.
Сонымен қатар заңсыз айналымнан алынған есірткі көрсеткіші де нәтижелі. Яғни атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 5 тонна 91 келі есірткі заты алынды.
Мәселен алынған есірткі заттарын жіктеп айтар болсақ: 5 тн 85 келі марихуана, 526 гр гашиш, 68 гр героин, 18,14 гр синтетикалық есірткі.
Жалпы Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткімен күрес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылып, есірткісіз қоғамның қалыптасуы жолындағы іс-шаралар іске асырыла бермек. Есірткімен күрес – ешқашан тоқтамайды!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі